"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Қарқаралының киелі жерлері

09.04.2024

Петр Рязанцевтің үйі

Әр ғимараттың өзіне тән тарихы бар. Әсіресе аудандық орталық кітапхана орналасқан ғимарат өте әсем, бұл үйдің иесі Петербордан Қарқаралыға, аяғына шәркей киiп, келген В.П. Рязанцев, сауда — саттықтың нәтижесiнде әбден байып, қаланың бiр көшесiнiң бойында үйлер салдырып туған-туысқандарын қоныстандырған.

Кітапхана көшесінің ар жақ бетіндегі — саяжайда Андрей Селиверстовичке қойылған ескерткіш бар. Осы ескерткішке қарама қарсы алаңда, баяғы заманда қызыл кірпіштен салынған, орыс шіркеуі болатын. Оны салуға Рязанцевтер қаржылай көмектескен.

Совет өкіметі кезінде оны құлатып кірпіштерінен 1936 жылы қазақ мектебін салған.

А.С.Рязанцев 1914 жылы қайтыс болған, балалары әкелеріне Петербордан қара граниттен ескерткіш жасатып, әуелі Семейге, одан сон ат-арбамен Қарқаралыға жеткізіп, белгісін шіркеуге қарсы қойған. Бұл ғимарат тарихи ескерткіш ретінде үкімет қорғауында.

Бұл үйде орыс саяхатшысы, этнограф Г. Потанин тоқтаған және ғимарат қабырғасында, оның болғаны жөнінде мемориалдық тақта орнатылған.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян