"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Құнанбай Өскенбайұлы

Құнанбай Өскенбайұлы

(1804-1886)

Кұнанбай қажы – би, аға сұлтан, көрнекті қоғам қайраткері. 1804 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында дүниеге келген.

Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: «Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған» – деп сипаттайды. 1834-1856 жылдары Күшік-Тобықты болысының старшинасы болып сайланады. 1846 жылы Ұлы жүз қазақтарының Ресейге бағынуы бойынша генерал Вишневскийдің экспедиция жұмыстарына қатысқан.

Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашады. 1846 жылы патша өкіметіне сенімді қызметі үшін хорунжий атағы беріледі. 1849-1852 жылдары Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланады. Қарқаралыда мешіт салғызады. 1874 жылы Меккеде қажылық етіп, 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай қазақтардың дәстүрлі құқығына сүйене отырып шешім қабылдаған. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Құнанбай әулеті үлкен болды. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден – Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Құнанбай Абайға ерекше үміт артқан, оны 13 жасынан бастап бірге алып жүріп ел басқару ісіне араластырған.Халық арасында Құнанбай туралы көптеген әңгімелер бар. Мұхтар Әуезов Құнанбайдың өмірі мен қызметі туралы көптеген мәліметтерді жинап, оларды талдап, «Абай жолы» эпопеясында Құнанбайдың жарқын бейнесін қайта қалыптастырған.Абайдың әкесі Құнанбайдың бейіті Ақшоқы маңында қара тастан қашалып салынған.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян