"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жаңалықтар

04.06.2023

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

Домбыра күніне Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» атты тәрбие сағаты өткен болатын. Қазақтың қара домбырасының үні – күй өнері, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Бұл шараның мақсаты халқымыздың аса қасиетті дүниесі туралы түсінік беріп, дәріптеу. Бұл шараға музей қызметкерлері, Қарқаралы қаласы балалар өнер мектебінің дәстүрлі ән айту сынып мұғалімі Шаймерденова Айтолқын Мансуровна, 1 сынып дәстүрлі сынып оқушысы Болат Нұрахман, Қошықова Самал Мейрамбайқызы  Қошық Толағай , Қошық Қарлығаш қатысып, өнерлерін көрсетті.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян