Жаңалықтар
«Отан үшін от кешкендер» рубрикасы
«Отан үшін от кешкендер» рубрикасы
Қараманов Әбдікәрім
1911 жылы Семей губерниясы Қарқаралы уезі Қарқаралы қаласы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1926-1930 жылдар аралығында Қарқаралы қаласындағы 2 сатылы кеңес мектебінде оқиды. 1930 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін отбасылық жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмай жұмыс істеуге кіріседі. 1931 жылдан 1933 жылға дейін Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды етсовхозында жұмыс істейді. 1933-34 жылдары Қарағанды қаласындағы шахтада забойщик болып істейді. 1934-35 жылдары Қарқаралы қаласында қалалық моншада есепші, 1935-36 жылдары Қарқаралы округінің ОкрЗУ мекемесінде іс жүргізуші болып жұмыс істейді. 1936-37 жылдары Қоңырат ауданында РайЗО-да техник болып істейді. 1937-40 жылдары Қарқаралы ауданында РайФО-да салық инспекторы, 1940-42 жылдары аға бухгалтер болып еңбек еткен.
Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері үшін 3-ші дәрежелі «Даңқ» орденімен, «За боевые заслуги» медалімен, «За взятие Берлина» медалімен, «За победу над Германией в Великой Отчественной войне 1941-1945 гг» медалімен және 12 рет мақтау қағаздарымен марапатталған.
Соғыстан елге оралған соң 1946 жылдың 10 қаңтарынан 1947 жылдың 16 қазанына дейін Қарқаралы РайФО-сында салық инспекторы, одан кейін зейнеткерлікке шыққанша аға салық бухгалтері болып еңбек етеді.