"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК
Петр Теряев
(1922-1945)
Теряев Петр Иосифович 1922 жылы Қарқаралы ауданының Ақжол ауылында туған. 1940 жылдың желтоқсанында Армия қатарына шақырылып, Орынбор әскери ұшқыштар училищесіне қабылданды. Шені — гвардия майоры. 1943 жылы және 1944 жылы 2 мәрте Қызыл ту орденімен марапатталды. ИЛ-2 ұшағымен 154 рет тапсырманы орындады. 1945 жылы 15 ақпанда Теряев Кенигсберг жерінде, Н.Гастелло мен жерлесі Н.Әбдіровтың ерлігін қайталап қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылы 19 сәуірде П.И.Теряевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың есімімен Қарқаралының бір көшесі аталады.
Семей қаласындағы Теряев оқыған автомеханика техникумына мемориалдық тақта орнатылған.