"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Мұқатай (Угар) Жәнібеков

(1887 – 1932)

Мұқатай Жәнібеков (1887 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі, Темірші болысында дүниеге келді– 1932 жыл) — қоғам-саяси қайраткері, большевик және төңкерісші.

Арғын тайпасы, Қаракесек руының Майлық бұтағынан шыққан. Ресей империясының Чита қаласы маңындағы Замятин шахтасында жұмыс істеп жүріп, 1905 жылы жұмысшылар ереуіліне қатысқаны үшін шахтадан қуылады. Кейін Лена алтын кеніндегі жұмысшы қозғалысына қатысып (1912), 12 жылға жер аударылады. 1917 жылы босап шығып, Омбыдағы депутаттар кеңесінің жұмысына араласады. Омбы маңындағы Куломзино станциясындағы ақ гвардияшылармен соғыста бір топ достарымен тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. Қамаудан шығып, астыртын большевиктер ұйымын басқарады. Кейін Колчак әскерлерінің қолына түсіп, Красноярск түрмесіне жөнелтіледі. Бұдан қашып шығып, Омбы уездік милициясының атты әскеріне алынады. Жәнібеков өмірінің соңғы жылдары Петропавл губерниялық атқару комитетіті революциялық трибуналының нұсқаушысы, мүшесі, Қарқаралы уездік милиция бөлімінің, Қазақстан өлкелік милиция мектебінің, Семей қалалық милиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян