«Темір сандық (кілтiмен)»
Бұл темір сандық 1845 жылы Ресейде жасалған. Қарапайым тұрмыстық бұйым ретінде емес, құнды заттар мен қаржы сақтауға арналған берік әрі сенімді дүние болған. Сандық темірден соғылып, арнайы құлып жүйесімен жабдықталған, өз кілті сақталған.
1848 жылы негізі қаланған атақты Қоянды жәрмеңкесі кезеңінде бұл сандықтың маңызы ерекше артты. Жәрмеңкеден түскен қаржы, саудагерлердің табысы мен бағалы заттары осы сандықта сақталған деген дерек бар. Бұл – сол дәуірдегі сауда айналымының қаншалықты дамығанын және қаржыны сақтау мәдениетінің болғанын көрсетеді.
Сандық тек материалдық құндылықтарды сақтаушы ғана емес, сонымен қатар Қоянды жәрмеңкесінің экономикалық өмірінен сыр шертетін тарихи жәдігер. Ол арқылы XIX ғасырдағы қазақ даласындағы сауда-саттық, қарым-қатынас және тұрмыс ерекшеліктерін аңғаруға болады.
Бүгінде бұл темір сандық – өткен заманның үнін жеткізетін құнды мұра. Ол Қарқаралы өңірінің тарихымен тығыз байланысты жәдігер ретінде ерекше маңызға ие.










