Арқаның «Алтын адамы»
Талды 2 қорымы. Ерте темір дәуірі, біздің заманымызға дейінгі УІ-У ғғ.
Нысананың аты және уақыты: Талды 2 қорымы, ерте темір дәуірі;
Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов селолық округі;
Табылған уақыты: 2010 жылдың 14 шілдесі;
Анықтамасы: Қасым Аманжолов ауылынан ОШ 1,41 шм, Кент ауылынан ООШ 14,1 шм, Қарқаралы қаласынан 44,1 шм, әр дәуірлік құрылыстардан тұратын 60 нысан тіркелген:
а) 7 тас-топырақтан үйілген диаметрі 20-43 м, биіктігі 2-3,5 м сақ патшалары қорғандары;
б) 1,5 -2 м х 1,5 – 2 м. тік бұрышты 3 тас қоршау;
в) қалғандары диаметрі 1,5 м., биіктігі 0,3-0,2 м. тастан салынған нысандар.
Ескерткіштерді археологиялық зерттеу жұмыстары 2009 жылы «2008-2010 жылдарға арналған Қарағанды облысы бойынша «Мәдени-мұра» аймақтық бағдарламасы» аясында басталды. 2010 жылы Қарағанды облысы бойынша тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау жоспарына сәйкес «Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі ескерткіштері» тақырыбы бойынша Талды 2 қорымында зерттеу жұмыстары жалғастырылды. 2009-2010 жылдары Тасмола археологиялық мәдениетінің 6 сақ патша қорғандары зерттелді.
Зерттеу жұмыстарын тарих ғалымдарының кандидаты, археолог Арман Зияденұлы Бейсенов жүргізді.(Институт археологии им.А.Х.Маргулана).
Мұндағы 5 қорған бірегей деректер берді. Диаметрі 30 м., биіктігі 2,1 м. Қорған ерте заманда тоналғанына қарамастан, табылған бұйымдар ерекше ғылыми және мәдени құндылықтарға ие. Жүздеген ұсақ қабықша, түйіршектерді санамағанда, 130- дан астам алтын бұйымдар, 14 садақ жебесі, тас моншақтар бар. Ескерткіш мерзімі б.з.д. 6-5 ғ.



















