Балтабай Батталғазыұлы және оның «Қарқаралым» өлеңі
Шәмкен апамыздың ағасы Батталғазының баласы — Балташ Батталғазыұлы біздің әулет үшін ерекше жақын адам. Ол — папамның нағашысы, ал бізге ұлы нағашы болып келеді. Бала күнімізде Батталғазы ата ауылға келетін болса, әкем Қадыров Бақберген мен анам Зейнекеева Ақылай «нағашы ата келеді» деп пешті жағып, үйді жылытып, ерекше дайындалатын. Біз де «нағашы келеді» деп қуанып жүретінбіз. Ол кезде біз Жамбыл совхозында тұратынбыз.
Сол қадірлі нағашы атамыздың ұлы — Балташ Батталғазыұлы бүгінде
72 жасқа аяқ басып отыр. Өмір жолында қаламын серік етіп, журналистика мен поэзияға еңбек сіңірген тұлға.
Құрметті Балташ Батталғазыұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейміз. Қаламы ұштала берсін, шығармашылығы өрлей берсін!
Балтабай Батталғазыұлы — Қарағанды өңіріне белгілі ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Ол 1954 жылы 1 мамырда Ақтоғай ауданы, Қызыларай совхозының «Еңбек» бөлімшесінде дүниеге келген. 1961–1971 жылдары орта мектепті бітіріп, 1972–1974 жылдары Германия Демократиялық Республикасында (ГДР) әскери қызмет атқарған. 1981–1984 жылдары Талды аудандық «Шұғыла‑Восход» газетінде тілші болып еңбек етті. Оның өлеңдері бұрынғы «Лениншіл жас», «Халық кеңесі», «Жалын» журналы, «Арқа еңбеккері», «Коммунизм таңы» сияқты республикалық және өңірлік басылымдарда жарияланып тұрған.
Балтабай Батталғазыұлының шығармашылығында туған жерге, қазақ даласының көркем табиғатына, тарихи шежірелерге, адам тағдырына деген шынайы сезім басым. Оның өлеңдері — халық санасының терең қырларын, ар-ұжданы мен адамгершілік қағидаларын айшықтайды.
Қарағанды өңірінің рухани және әдеби ортасында оның шығармашылығы оқырман жүрегіне жол табады және әр оқырманға туған жердің көркем бейнесін танытады.
«Қарқаралым» — өлеңі
Қазық ем саған қағылған,
Айырма алтын бағымнан.
Өзегін өртеп өзіңді,
Ұл бар ма мендей сағынған!
Мекенім, панам әрі – ұям,
Алдыма артар арым-ай.
Өлмейтін мәңгі қариям,
Шежіре Қарқаралым-ай.
Ұлдары – сертке жететін,
Қыздары – өртеп кететін.
Ақынын – еркелететін,
Ас суын – ертелететін.
Күндерің өтсін – бұзылмай,
Тоғайың тұрсын – сызылмай.
Түздегі жалғыз – сұлуым,
Үйдегі жалғыз – қызымдай!
Жер бар ма Қарқаралыдай,
Ел бар ма Қарқаралыдай!
Ақынның «Қарқаралым» атты өлеңі халық арасында кеңінен тараған. Бұл шығарма туған жерге деген ерекше сүйіспеншілікпен жазылғандықтан, ол мерекелік жиындарда, тойларда, жерлестер кездесулерінде жиі оқылып, халықтың ықыласына бөленіп келеді. Өлеңде Қарқаралының көркем табиғаты, оның тарихы мен рухани қадір-қасиеті ерекше әсерлі тілмен суреттеледі. Сондықтан бұл туынды тек әдеби шығарма ғана емес, туған жерге деген құрмет пен сағыныштың көрінісі болып саналады.Бұл өлең — қазақ жерінің, Қарқаралы өңірінің көркем бейнесіне арналған лирикалық поэма, туған жерге деген шынайы сағыныш пен мақтаныш сезімін жырлайды.
Поэзияның мәні мен рухани байлығы
Балтабай Батталғазыұлының поэзиясы ұлттық болмыс пен тарихи шежірені, табиғат пен адам арасындағы өзара байланысты бейнелейді. Оның «Қарқаралым» өлеңінде туған жер — тек мекен ғана емес, адам жанының қайнар көзі, рухани жұмбағы мен қасиетті мекені ретінде көрінеді.
Балтабай Батталғазыұлы — Қарағанды өңірінің әдеби ортасына үлес қосқан ақын және журналист. Оның шығармашылығы туған жерге деген сағыныш, адамгершілік пен рухани байлықты бейнелейді. «Қарқаралым» атты өлеңі — туған жердің табиғатын, мәдениетін, адам болмысын терең сезіндіретін көркем шығармалардың бірі.








