"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жарияланымдар

19.06.2026

📌 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – ортақ міндет»

«Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі» КМҚК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қызметкерлерге заң талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау және өз қызметін ашық әрі жауапкершілікпен жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және парасаттылық құндылықтарын дәріптеу. Музей ұжымы алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян