Егіндібұлақ тарихи-өлкетану музейінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алу шаралары және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау бағытында пікір алмасу ұйымдастырылды.
✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың ортақ міндеті!