"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Сеңкібай Оразғұлұлы

Сеңкібай Оразғұлұлы

(1709-1786)

1709 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Сарыобалыда туған. Орта жүз Арғын ішінде Болатқожа (Қаракесек) руынан шыққан. Атасы Қожас батыр болған. Сеңкібай Бөгембай батырдың жасағы құрамында 1725–29 жылдары Алакөл, Шұбартеңіз, Бұланты-Білеуті, Аңырақай шайқастарында ерлігімен көзге түскен. Жоңғардың Ноян Қорек батырын жекпе-жекте жеңген. Аңыз бойынша ақиық кыран көріпкелі бар батыр ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен, Абылай ханның сенімді қолбасыларының бірі болған адам. Айсыз түнде, нөсерлі жаңбырда, калың қамыс арасынан адаспай жол тауып, Абылай хан ордасын қоршаған жаудың торынан талай рет аман-есен алып шыққан. Сеңкібайды Абылай хан “ақиық сұңқарым” деп бағалаған. Жұртшылык Сеңкібайды киелі батыр деп әулие тұтады. . Ел арасындағы барымта, жер-су, жесір дауын әділдікпен шешкені үшін халық оны “Биата” атаған. 1786 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау жайлауында Талды өзенінің бойында дүние салған. 1986 ж. Талды аулының тұрғындары батырдың басына күмбез орнатқанҰрпақтары 1993 жылы тамыз айында Сеңкібайға ас беріп, қабірінің басына ескерткіш орнатты.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян