Жаңалықтар
ҚҰРЫЛТАЙ – ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТАТЫН МАҢЫЗДЫ БАССОСУ

23 тамыз күні Қарқаралы ауданында өткен Құрылтайға Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің, Ақжол және Егіндібұлақ музейлерінің қызметкерлері бірлесе қатысты.
Құрылтай – ел тарихы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ сабақтастығын нығайту, қоғамның рухани бірлігін арттыру бағытында маңызды мәнге ие тағылымды шаралардың бірі.
Іс-шара барысында қатысушылар елдің өткені мен бүгініне көз жүгіртіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Осындай басқосулар ұлттық тарихымызды терең зерделеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі мен оның Ақжол, Егіндібұлақ ауылдарындағы филиалдарының қызметкерлері үшін Құрылтайға қатысу – өзара тәжірибе алмасып, бірлескен жұмысты нығайтуға жол ашқан маңызды мәдени іс-шара болды.
Музей қызметкерлері тарихи-мәдени мұраны сақтау, туған өлке тарихын насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.
Бірлік пен ынтымақ – елдің берік негізі.







