"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Бақия Атшабаров

(1919-2013)

Атшабаров Бақия Атшабарұлы –  академик, ҚР Еңбек сіңірген дәрігері.

1919 жылы 1 қыркүйекте Семей губерниясының Қарқаралы уезі № 1 Берікқара ауылында Карақуыс жерінде (қазіргі Қарағанды облысында) дүниеге келген. 1942 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында танк және пехота полктерінің санитарлық қызмет басшысы – аға дәрігер қызметін атқарды.

1946-1950 жылдары – Қазақ СРО ҒА аспиранты, 1950-1951 жж. – Қазақ СРО ҒА өңірлік патология Институты кіші ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директор орынбасары, ал 1952-1984 жж. – осы институт директоры. 1984-1996 жж.- ғылыми кеңесші, ал 1996 жылдан – ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ Құрметті директоры, сосын – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі гигиена және эпидемиология Ғылыми орталығының Құрметті директоры.

Атшабаров Бақияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бақия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бақия 200 ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған.

30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бақия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған Б.Атшабаров екі мәрте «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы»,   «Октябрь Революциясы», «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың иегері (1999).

Бақия Атшабарұлын білетіндер оны орасан зор эрудиция мен терең білімі, педагогтық таланты, әріптестеріне деген қамқорлығы үшін құрметтейтін еді. 2009 жылы қазан айында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Академик Б.А. Атшабаров атындағы фундаментальды және қолданбалы медицина ғылыми зерттеу институтының ашылуы – ғалым әрі ұстаздың еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет пен ескерткіш

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян