"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Сыбайлас жемқорлық картограммасы

12.08.2025

«Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы»КМҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2025 жылдың I тоқсаны бойынша өткен кезеңде

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Қарағанды облысының басқармалары мен квазимемлекеттік ұйымдарында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау кестесіне қосымшаға сәйкес және Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 25 наурыздағы бекіткен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Тексеру кезеңі: 2025 жылдың I тоқсаны

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша жұмыс тобы келесі бағыттарда жұмыс жүргізді:

  1. Кәсіпорын қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Кәсіпорынның ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Кәсіпорын қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Құрылымдық бөлімшелер өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілер, ішкі құжаттар зерделенді.

Зерделеу барысында талданды:

  • Кәсіпорын Жарғысы;
  • Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Талдау барысында шығармашылық ұжымдардың, халық шығармашылығы үйірмелері студияларының және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары қаралды. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Кәсіпорынның ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бұл бағыттағы талдау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:

  • Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • Мүдделер қақтығысын реттеу;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған қызметкерлерді тексеру;
  • Кәсіпорынның ұйымдық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Ұйымдық-басқарушылық қызметтегі ішкі тәуекелдерді талдау кәсіпорында персоналды басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына және өзге де заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті.

2025 жылдың I тоқсаны бойынша штат саны – 27 бірлік (Қарқаралы – 13, Егіндібұлақ – 7, Ақжол – 7), оның ішінде басшылық және басқарушылық құрам – 10 (Қарқаралы – 6, Егіндібұлақ – 2, Ақжол – 2), техникалық құрам – 17 (Қарқаралы – 6, Егіндібұлақ – 2, Ақжол – 2).

Фактілік қызметкерлер саны – 27.
Қабылданған қызметкерлер – 0.
Өз еркімен жұмыстан кеткендер – 0.

Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша төлемдер жұмыс көлеміне қарай жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім бойынша ҚР Еңбек кодексінің 111-бабына және ҚР Үкіметінің №1193 қаулысымен бекітілген азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленеді.

Мүдделер қақтығысын реттеу

Кәсіпорын қызметін зерделеу барысында мүдделер қақтығысының бар-жоғы талданды. Басшылық лауазымдарда жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе құдалардың бірге жұмыс істеу фактілері анықталған жоқ. Қызметкерлердің жеке істерін зерттеу барысында да мүдделер қақтығысы фактілері табылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Кәсіпорын мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары

Анализ жүргізілген кезеңде жеке және заңды тұлғалардан кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған қызметкерлерді тексеру

Анализ жүргізілген кезеңде кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ.

Мұражай қызметкерлері 2024 жылғы қараша айында аттестациядан өтті.

Мемлекеттік сатып алу

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бөлім қызметінде тәуекелдер жоқ екенін көрсетті.

2025 жылдың I тоқсаны бойынша шығыстар талданып, қажеттілік пен жоспармен салыстырылды.

Ұсыныстар:

  1. Аналитикалық анықтамамен кәсіпорын құрылымдық бөлімшелері басшыларын таныстыру.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін тұрақты негізде алдын алу жұмыстарын жүргізу.
  3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын бақылауды күшейту.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастыру.
  5. Кәсіпорын бухгалтериясы еңбекақы, сауықтыру, салық төлемдерін талдауды жүргізсін.
  6. Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман сатып алу жоспарын әзірлеу кезінде жаңартылған НҚА-ға сүйенсін.
  7. Бұйрықтар шығару және төлем жасау кезінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының іссапарлары туралы ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген қағидаларды қолдану.
  8. Жұмыс уақытының есебін жүргізу кезінде ҚР Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы №390 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттаманың нысандар альбомын басшылыққа алу.

Жұмыс тобы: «Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы»
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян