"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жаңалықтар

17.02.2023

«Парасат» орден

17 ақпан күні, Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы қаласының мәдениет үйінде,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қарағанды облысының, Қарағанды қаласы мен Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Омарбекова Рымбала Кенжебалақызының 80 жылдық мерейтойы өткен болатын.

Мерекелік іс-шараның алдында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі де ат салысты.

Көрмеге Рымбала Кенжебалақызының Ордендері мен паспорттары, куәліктері, суреттері, алғыс хаттары мен марапаттары қойылды.

Рымбала Омарбекова өңірдің мәдени және әлеуметтік саласын дамытуға көп күші мен уақытын жұмсаған жан. Өлкеміз үшін, Мемлекетіміз үшін көп еңбек жасады. Бүгінгі күнге дейін ұлттық өнерді, мәдени мұраны және рухани құндылықтарды дәріптеген.

Осы уақытқа дейін атқарған еңбегі – өскелең ұрпақ үшін үлгі.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян