"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жаңалықтар

10.10.2022

Қарты бар үйдің – қазынасы бар

Ақжол музейі мен кітапхана бірлесіп, 1 қазан Қарттар күні және 10 қазан Мүмкінділігі шектеулі жандардың мерекесіне орай “Қарты бар үйдің – қазынасы бар” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел мақсаты таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. “Бүгінгінің қартымыз, Кешегінің артымыз” демекші ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ата- баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік жат-жұрттық әсерден бойды әсте аулақ ұстау.

Кеш қонақтары ауылымыздың қарт әжелері:Ауыл кітапханасында 40 жыл қызмет атқарған Қыныбаева Рымбикеш, Мәдениет үйінде 40 жыл қызмет атқарған Несіпбаева Зейне сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жан Акимова Гүлжанат.

Осы кешке жылы лебізімен әкімшілік тарапынан бас маман қызметкері Қарашева Зина, Ә.Бүркітбаев атындағы 12 ЖББМ КММ-ның оқу-істер жөніңдегі орынбасары Нұрмағанбетов Нұрсұлтан қатысты. Сонымен қатар музей қызметкері Ахметова Назым, мектеп кітапханашысы Еділбаева Толқын, мәдениет үйі қызметкерлері Жумадилова Бақытгүл, Акимова Раушан және де 8 сынып оқушылары да қатысты

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян