"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жаңалықтар

08.02.2018

Алаш қайраткері-Мұстақым!

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алашорда өкіметінің құрылғанына 100 жыл» толуына орай Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде М.Малдыбаевқа арналған ауқымды шара ұйымдастырылды.М.Малдыбаев кім?М.Малдыбаев-жазушы,журналист,Алаш қайраткері. «Қарқаралы» газетіне (16 қыркүйек 2017) «Едірейден шыққан алаш қайраткері» атты мақала шыққан болатын.Авторы Қазақстан журналистер одағының мүшесі С.Оспанов.Осы кісінің қолдауымен біз музей ұжымы М.Малдыбаевқа арнап шара ұйымдастырдық. Шараның мақсаты ел ішінде  аты атала бермейтін Алаш қайраткерлерінің есімін дәріптеу болатын.Іс-шараға М.Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен мұғалімдері, деректанушы С.Оспанов және музей қызметкерлері қатысты.Студенттерге М.Малдыбаев жайлы толық мағұлмат берілді. «Азаттықты аңсаған Алаш қайраткерлері» атты экспозиция жаңартылып оған Мұстақым Малдыбаевтың және тағы бір Алаш қайраткері Имам Әлімбековтың  суреттері ілінді.Алаш қайраткерлері туралы музей директоры Д.Жакенов және С.Оспанов

 

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян