Қалибек Қуанышбаев
(1893-1968)
Қалибек Қуанышбаев 1893 жылы 25 сәуірде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,Сарытау ауылында жалшының жанұясында дүниеге келген.Қалибек бала кезінен бастап домбыра тарту мен өлең айтуды ұйренді,туғанынан дарынды Қалибек өзінің орнын іздеумен болды.1916 жылы Қалибек майданның қара жұмысына жіберілді.
1916-1920 жылдары ол Омбыда ,әуелі ат айдаушы,соңынан ,тері илейтін зауытта жұмысшы болып істеді.Кейіннен ол туған жеріне оралып ,біраз уақыт ауыл кеңесін басқарды және той-думандарда,жәрменкелерде күлдіргі,өткір сөз иесі ретінде қатысып жүрді.Өз өнерімен дүйім елге атағы жайылған Қалибек 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына үкіметтің шақыруымен театр ашуға сапар шегеді.Қазақтың драма театрының пердесі бірінші рет 1926 жылы 13-ші қаңтарда Қызылорда қаласында ашылды.Театр құрамының алғашқы әртістері болып Ж.Шанин /бас режиссер/,С.Қожамқұлов ,Е.Өмірзақов,Қ.Жандарбеков,Қ.Бадыров ,Қ.Қуанышбаетар тіркелді.
Тұңғыш гастрольдік сапарын олар Қоянды жәрменкесінен бастады.Театрдың алғашқы жылдардағы жұмысына М.Әуезовтың пьесалары елеулі орын алды,әсіресе «Еңлік -Кебек» пьесасы театр қызметінің бастамасы болып саналды.
М.Әуезовтың пьнсаларынан кейін жас драматургтардың пьесалары қойыла бастады.1928 жылы театр Алматы қаласына көшті ,онда театрдың жаңа өсу кезеңі басталды.
Қалибек Қуанышбаев актерлік өнердің шын академигі еді.Тек оқығаннан тоқығаны көп,халықтың қалын ортасынан шыққан ,ешбір театр институтын тауыспаса да тұла бойы тұнған талант ,табиғи дарынды болып жаратылған жан еді.Өзі еңбек жасаған 35 жыл ішінде сан қилы 150-ден астам бейнелерді сомдаған актер.
Қалибек Қуанышбаев :Ғұмырнамалық негізгі деректері
1893 ж- Қарағанды облысы,Қарқаралы ауданы,Сарытау ауылында дүниеге келді.
1904 ж-Абай қазасын аза тұтады.
1914ж-маусым айының басында Жынды Омар екеуі жәрменкеде алғаш өнер көрсетті
1916 ж-Белоруссиядағы тылда жұмысқа әскерге алынады.
1917-1920 ж-Омбыда көшір болады.
1920 ж-Анасы Күніпия дүниеден қайтты,ауылнай қызметін атқарады.
1922 ж-Автономияның бір жылдық тойында әнші Ғаббас,Жынды Омар ,Зәрубай ,Ахметтермен бірігіп Қоянды жәрменкесінде өнер көрсетті.Мұхтар Әуезовпен танысты.
1925ж— маусымда Қояндыда Қажымұқан,Қали Байжанов,Майра Уалиқызы,Иса Байзақов,Омар,Зарубай,Ахмет ойын-сауық қойды.
1925 ж-қыркүйекте «Еңбекші қазақ» газетінде бір топ өнерпаздармен қатар Қалибекті театрға шақырған хабарландыру басылды.
1926 ж- 13 қаңтар –Қазақ театрының шымылдығы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылды,онда Қаллеки Қарамендінің рөлін ойнады.
1927ж- Мәскеуде халық өнерпаздардың этнографиялық концертіне қатысты.
1928ж-Театр Алматы қаласына ауысты.
1934ж— Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.
1936 ж-мамыр айында Қазақ өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне қатысты «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1936ж- Қазақ ССР-нің Халық әртісі атағын алды.
1936ж- Н.В.Гоголдің «Ревизор» Дуанбасы рөлін сахнаға шығарды.
1937 ж-«Аманкелді » кино фильміне түсті.
1940ж- М.Әуезовтың «Абай» трагедиясындағы Абай образын сомдады.
1942 ж-Ғ.Мүсірепов «Ақан сері-Ақтоқты» , Мылқау балуан образын сомдады.
1942ж-М.Әуезов ,Ә.Әбішев «Намыс гвардиясы » генерал Панфилов образын сомдады.
1943ж-В.Шекспир «Асауға тұсау» Баптиста бейнесін сомдады.
1945ж- «Еңбек Қызыл ту» орденімен марапатталды.
1946ж- «Ленин орденімен» марапатталды және «Абай » фильміндегі Абай бейнесінде киноға түсті.
1946-1959 ж— Қостанай облысы еңбекшілерінің атынан үш мәрте қатарынан КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды.
1948 ж— Ш.Құсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың «Шаншарлар» спектаклі қойылды.
1949 ж— М.Әуезовтің «Абай» романы желісімен Ш.Айманов пен Я.Штейннің инсценировкасы бойынша жасалған спектакльде Құнанбай образын жасады.
1953ж- КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
1957 ж— М.Әуезов «Еңлік -Кебек» Абыз образын сомдады.
1958ж- Қазақ өнері мен әдебиетінің екінші онкүндігіне қатысып «Асауға тұсау» Баптиста, «Ақын трагедиясындағы» Мылқау Балуан, «Жалғыз ағаш орман еместегі» -Жанас ролінде ойнады.
1958ж- СССР Халық әртісі атағы берілді .
1959ж-Фрунзе қаласындағы гастроль кезінде екінші рет инфаркт алды.
1959-1968ж— Құрметті демалыста.
1968 ж-6 маусым күні дүниеден қайтты