"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Мәди Бәпиұлы

(1880-1921)

Мәди Бәпиұлы — ақын, халық әнші-композитор. 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған.880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жас кезінен-ақ ән айтып, домбыра тартып аты шыққан. Арғы аталары атақты би Қазыбек екен. Арғын тайпасы Қаракесек руы Айбике Шаншар бөлімінен шыққан. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала. Әнші әрі дәулескер күйші ретіңде де, ерте танылады. Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сияқты cаңлақтармен кездесіп, өнеге, тәлім алады. Сол кездегі үстем тап өкілдерінің «ұры» деген жалған жаласымен Атбасар, Карқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Қамауда елін, жерін сағынып, әділетсіз заманға налыған Мөди өзінің атақты «Қаракесек» әнін шығарады.1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, ұзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. «Шіркін-ай» әні осы кезде туған.1916 жылы ол еліне оралады. 1917 жылы болыс билеуші Айтқожа Теміржанов Мәдиді «жылқы ұрлады, түрмеден қашты» деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысыңда отырып қарсы алады.

1918 жылы бостандыққа шығады. Композитордың халық арасына кең тараған атақты «Мәди» әні осы кеңестік кезеңмен байланыстырылады. Кеңес өкіметі кезінде 1919 жылы Мәди Колчакқа қарсы шайқастарға қатысады. Ақ гвардияшыларды Қарқаралыдан қуып шығысымен, жаңа өмірді нығайтуға кіріседі. Ал кеңес қызметіне кіріп алған жаулары оны ебін тауып өлтіруді үйғарады. 1921 жылдың ақпан айында Мәди қаза табады.  Атақты әнші-композитор Мәди Бәпиұлы өз шығармаларында бостандықты, адам жанының тереңдігін, қазақ халқының тамаша дәстүрлерін жырға қосады. Кең тынысты, салтанатты, шаттыққа толы оның әңдері күні бүгінге дейін ел аузында. Олар опералардан, сиюталардан, кантаталардан тұрақты орын алды. Композитордың тағдыр-талайынан терең сыр қозғайтын Мәди Бәпиүлының әндері талайларды тебірентумен келеді. Жалған айыппен түрмеге қамалып,Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде отырды. Қамауда отырғанда әділетсіздіктерге күйініп, бостандықты аңсаған «Қаракесек» әнін жазды. Халық арасына оның «Үшқара», «Мәди», «Шіркін-ай» және т.б. әндері кең тарады. Мәди түрмеде отырып 1916 жылғы көтеріліске үн қосты, өзінің өлеңдерінде патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлықшылдығы мен жүгенсіздігін айыптады. Кейбір өлеңдері Е.Г. Брусиловскийдің ұлттық «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Шіркін-ай», «Мәди», «Қыз Жібек» операларында қолданылды. Мәди шығармалары әлі толық зерттелмеген. Оның шығармаларын А.Қ. Жұбанов, А.Бектасов зерттеді. Ә.Әбішев Мәдиге арнап «Найзағай» романын жазды. Мәди Бапиұлы (1880-1921) — композитор, ақын. Балалық шағынан өзінің әнімен және домбырадағы ойынымен даңқы шыққан. Ол Ақан сері, Біржан-сал сияқты әнші ақындармен кездесе жүріп, ол бұл халықтық өнерді жете меңгереді, олардан оқиды. Мәди жалған айыптау бойынша сотталады. Ол түрмеде туған жеріне деген сағыныштан “Қаракесек” әнін дүниеге әкеледі, онда тағдырының ауырлығын, әлемдегі әділетсіздік туралы жырлайды. Мәдидің шығармашылық мұрасы толық жиналмаған. Оның халық жадында сақталған әндері әлі күнге сыр — сымбатын жоғалтқан жоқ. Биік пафосы, еркін, жан-дүниені баурайтын оның сұлу әндері қазіргі кезде сахна мен радиодан жиі естіледі. Оның әндері Е. Г. Брусиловскийдің “Қаракесек”, “Ер Тарғын”, “Шіркін-ай”, “Мәди”, “Қыз Жібек” операларында қолданылды. Мәдидің өмірі мен шығармашылығына А. Жұбановтың, А. Бектасовтың зерттеулері, Ә. Әбішевтің “Найзағай” романдары арналған.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян