"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Имам Әлімбеков

(1883-1938)

Әлімбеков Имам— “Алаш” партиясының қайраткері, ағартушы, публицист. 1883 жылы Қарқаралы уезі, Ақсары болысы, Уақ қыстағында туған. Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесін,Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін Семей мектептері мен гимназияларында мұғалім болды. 1917 — 18 ж. Семей өңірінде “Алаш” партиясының облыстық және уездік ұйымдарын құруға белсене қатысты. Облыстық қазақ комитетінің мүшесі, “Алаштың” Семей обкомы төрағасының орынбасары, “Қазақ” газеті басқармасның қызметкері, “Сарыарқа” газетінің редакторы, Алашорда атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі, Семей уездік Кеңесінің мүшесі болды[2] . 1919 ж. көктемінде колчакшылардың абақтысында отырып шықты. Кеңес өкіметі кезінде Әлімбеков ағартушылық қызметке ден қойды. 1920 жылдан бастап Қарқаралы педтехникумында, Бесоба, Милыбұлақ, Қу болыстарындағы, Ақтоғайдағы мектептерде, Қызылжар техникумында оқытушы болды. 1933 жылы “Алаш ісі” бойынша Мағжан Жұмабаевпен бірге 10 жылға сотталып кетеді, бірақ 1935 жылы босанып шығады. Қарқаралыға қайтып, бір кездері өзі ашқызған Бесоба мектебінде оқытушы болып істеп жүргенде қайта ұсталады. Семей облысы УНКВД үштігінің үкімімен 1937 жылы 17 қыркүйекте ату жазасына кесілді. 1990 жылы 15 наурызда ақталды.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян