"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Дмитрий Карбышев

(1880-1945)

1940 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылдан Совет Армиясы қатарында. Сібір кадет корпусын (1898), Николаев инжинерлік училищесін (1900), Николаев инженерлік академиясын (1911) бітірді. Профессор, әскери ғылыми докторы (1941). 1904-1905 жылдардағы Азамат соғысы кезінде әскери инженер, қорғаныс ауд-ның құрылыс жұмыстарын басқарды, Шығыс майданының 5- армиясы инженерлерінің бастығы. Орал қорғанысына қатысты. Ұлы Отан соғысының бас кезінде (08.08.1941) майданда ауыр жараланып тұтқынға түсті. Фашистердің өлім лагерінде әскери тұтқындар арасында антифашисттік үгіт жүргізді. Неміс фашистеріне қызмет етуден үзілді-кесілді бас тартқан соң фашистер оны Маутхаузен лагерінде азаптап өлтірді.

Марапаттары:

Ленин орденімен, басқа да орден, медальдармен марапатталған. Алматы көшелерінің бірі Карбышевтің құрметіне аталған.

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян