"Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" КМҚК

Жаңалықтар

07.11.2022

«Өткен мен болашақ арасында» республикалық көрмесі ашылды,»Музей педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар»атты конференция мен халықаралық семинар-тренинг өткізілді.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90 жылдық мерейтойына орай 3-4 қараша аралығында іс-шара өткен болатын. Осы шараға музейіміздің басшысы Н.Б.Абишева және кіші ғылыми қызметкер С.К.Сламбеков белсене қатысқан болатын.

3 қараша күні «Өткен мен болашақ арасында» республикалық көрмесі ашылды,»Музей педагогикасы: дәстүрлер мен инновациялар»атты конференция мен халықаралық семинар-тренинг өткізілді.

Қарағандыға ауқымды кездесуге Қазақстан және таяу шет елдер музейлерінің ғалымдары мен қызметкерлері келді.

Музейлердың құнды жәдігерлерінің көрмесі «Бабалар парағы» залында орналастырылып, мұнда республиканың 18 музейінен 117 жәдігер жиналды. Конференцияға келген қонақтар музей ісіндегі үздік мамандар.

Екінші күннің басты тақырыбы әлеуметтік желілердегі SMM-ілгерілету негіздері. Бұл туралы қарағандылық SMM-менеджерлер Аида Мұқанова мен Алена Гудз баяндады. Әлеуметтік желілер қазір көпшілікке қолжетімді және көрмелер мен іс-шараларды ғаламторда тарату маңызды.

Музейдің Instagram парақшасы арқылы халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы көбірек білуге болатынын атап өту керек — ал біз тарихтың бір бөлшегіміз.

Семинар-тренингке көптеген білім беру бағдарламалары енгізілген. Музей қызметіндегі құқықтық нормалар мен заңдар, мәдени және білім беру қызметінің жаңа түрлері туралы айтылды. Мәдениет және спорт министрлігін Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары – Сейітова К.К. «Музей қызметіндегі құқықтық нормалар мен заңнамалар» тақырыбына, ҚР орталық мемлекеттік музейінің директоры (Алматы қ.) «Мәдени-білім беру қызметінің жаңа формалары» тақырыбына сөз сөйлеген болатын.

Музейдің мәдени-білім беру қызметінің негізгі фигурасы ретінде экскурсоводтың рөлі туралы мәселеге тоқталды, сонымен ҚР еңбек сіңірген мәдениет және туризм қызметкері, Жоғары санатты экскурсовод-әдіскер, ЖМП ұлттық жаттықтырушысы, туризм бойынша сарапшы, ЮНЕСКО ұлттық комиссиясының мүшесі Оразымбетова Б.К. «Экскурсовод-музейдің мәдени-білім беру қызметінің негізгі өкілі» жайлы айтып өтті. Күннің екінші жартысында археологтар өз баяндамаларын ұсынды, яғни зерттеу және табылған заттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы әңгіме қозғалды.

Ресей Федерациясының Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, Халықаралық музеология комитетінің және ЮНЕСКО музейларының халықаралық кеңесінің мүшесі Людмила Шляхтина Санкт-Петербургтен Қарағандыға арнайы келген болатын. Спикер өз сөзінде қазіргі әлемдегі музейлердің миссиясы туралы айтты. Бүгінде музей бар нәрсені мәңгілікке қалдыруға, жеке тұлғаны ізгілендіруге және орындалмағанды бейнелеуге арналған, деп атап өтті Ресейден келген қонақ.

Мерейтойлық іс-шара өте керемет деңгейде өтті.

 

Басшы

Абишева Назым Болатовна Өмірбаян